#Шу: «Төле би» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

#Шу: «Төле би» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Төле би» мешітінде ұстаз Рүқиям Абдуллақызының ұйымдастыруымен жұма күні қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде қолдан дайындалған түрлі тәттілер, нан өнімдері мен дәмді тағамдар көпшілік назарына ұсынылды. Жамағат жәрмеңкеге белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.

Іс-шара барысында ұстаз жәрмеңкеден жиналған қаражат мешіттің әйелдер мен қыздар секторындағы оқу орындарының қажеттіліктеріне жұмсалатынын жеткізді.

Қайырымдылыққа негізделген бұл игі бастама жамағат арасында өзара көмек пен жанашырлықты арттыруға бағытталды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: