Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылы «Қожай баба» мешітінің имамы Аубакиров Жанболат ұйымдастырған Құран жарысынан кейін, мешіт шәкірттеріне дәріс берген Һибатулла Тарази медресе колледжінің 2 курс шәкірті Мухамедәлиді алғыс хатпен марапаттап, ақшалай сыйлық табыстады.
Бір айдай уақыт аталған мешітте қызмет қылып, шәкірт тәрбиелегені үшін берілген сыйлыққа ауыл кәсіпкері Бақытхан аға демеуші болды. Асыл дінімізге ықыласпен қызмет қылуды нәсіп етсін,- деп, ауыл имамы ақ батасын беріп шығарып салды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


21 Шілде 2026
5 Сафар 1448

