Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы жастар арасында футболдан өткен жарысқа қатысып, бақ сынады. Жарысқа бас-аяғы 9 команда қатысып, 3 команда жүлдеге ілікті.
Жүлдегер ойыншыларға ақшалай сыйлықтар, медаль, кубок және алғыс хаттар табыс етілді. Жылдар арасында өткен жарыста 1990 жылғы жастар 1 ші орынға, 1994 жылғы жастар 2 ші орынға, 1991 жылғы жастар 3 ші орынға иеленіп, жарыс эстафетасы 1994 жылғы жастарға табысталды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



21 Шілде 2026
5 Сафар 1448

