Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы аудандық архив мекемесінде арнайы қонақ боп, дөңгелек үстелге қатысты. Жиын қазіргі уақыттағы өршіп тұрған діни жат ағымдардың ахуалы жайында болды. Аудандық мешіттің наиб имамы жат ағымдардың жағдайы жайында кеңінен түсіндіру жұмысын жасады. Жиынға архив мекеме қызметкерлері қатысып, көкейдегі сауалдарына жауап тапты.
Бұған қарсы жалғыз қалқан – дәстүрлі құндылықтарды ту ету. Дәстүрлі құндылық дегеніміз – тек қана қазақтың салты емес, бұл біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы дін мен дәстүрді егіз ұғым ретінде тең ұстап, елді бірлікте сақтап келген сара жолы. Ол жолда – үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-анаға бағыну, Отанды қорғау және бейбітшілік бар.
Еліміздің тыныштығы — біздің ең басты байлығымыз. Оны сақтап қалу үшін әрбір азамат көзін ашып, дінді де, тарихты өркениетті түрде оқып, ұлттық болмысынан ажырамауы тиіс. Біз өз құндылықтарымызды мақтан тұтқанда ғана сырттан келген жат идеология біздің іргемізді сөге алмайды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


21 Шілде 2026
5 Сафар 1448

