Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауылдық мешіттерге Сира кітабының екі нұсқасын уақып етіп тапсырды. Қабылдап алған ауыл имамдары мешітке қойып, жамағаттың оқуына жағдай жасаймыз деп келісті.
Нұрсұлтан Рысмағанбет ұстаздың кітабын таратуға және жамағаттың оқып, сирамен танысуына жағдай жасаған жаны жомарт жандарға аудан имамы алғыс айтып, дұға қылды. Өтініштерін орындап әрбір шалғай жатқан ауылдық мешіттерге жетуін қамтамасыз етті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



21 Шілде 2026
5 Сафар 1448

