#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУДАН ИМАМЫ ЖИНАЛЫС ЖАСАДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУДАН ИМАМЫ ЖИНАЛЫС ЖАСАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының шақыртуымен ауыл имам-молдаларына жиналыс өтті. Жиын басында қатарға жаңадан қосылған мешіт қызметкерлері таныстырылып, қызметтеріне сәттілік тіледі. Жиналыста күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер көтеріліп, ортаға салынды. Сонымен қатар, ауыл имамдарына бағыт және бөлімдер бойынша тапсырмалар берілді.

Аудан имамы биыл дуальды оқуға талапкерлер қабылданатынын жеткізіп, дипломы жоқ имамдарды оқуға шақырды. Соған қоса, Һибатулла Тарази медресе колледжіне шәкірт дайындау жұмысы қатаң түрде тапсырылды.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: