#Т.РЫСҚҰЛОВ: АЖЫРАСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСЫ ЖАСАЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: АЖЫРАСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСЫ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы үлкен өмірге қадам басқан жастарға тоқсанына бір рет болатын медиация күніне орай «Ажырасудың алдын алу» жұмысын жүргізді.

 Қуаныш имам насихатында: «Әркімнің жеке тағдыры бар, проблемалары әр түрлі. Бірақ сауалнама нәтижелері көрсеткендей ажырасудың басты себептері мыналар:

  1. Тұрмыстық зомбылық;
  2. Ер не әйелдің ішімдікке салынуы;
  3. Ер не әйелдің есірткіге салынуы;
  4. Күйеуі не әйелі жұмыссыз;
  5. Жұбайлардың өмірге деген көзқарастары сәйкес келмеуі;
  6. Күйеуі не әйелі некеге дейін бірін-бірі ұнатпаған, некеден кейін де ұната алмаған;
  7. Көзге шөп салу;
  8. Материалдық қиындықтар;
  9. Бедеулік;

 Бұл ажырасудың негізгі себептері. Сонымен қатар, біздің елімізде ажырасудың себептерін ата-енемен тұру мен күйеу жақтың туған-туысқандары арасындағы қарым-қатынастар шиеленісімен  т.б толықтыруға болады.

Бүгінде қазақ отбасыларында келіннің  ата-енесімен бірге тұруы қалыпты жағдайға айналғанын көреміз. Осы орайда баласын аялап өсірген ана яғни қыздың енесі ұлын қызғанады немесе басқа да себептермен келініне күн көрсетпейтіні сияқты шиеленісті жағдайлар орын алады.

 Жігіттің ата-анасымен тұрған соң міндетті түрде арада түсініспеушілік, ұрыс-керіс болады. Кейбір ата-енелер екі жастың арасына түсіп те жатады. Немесе керісінше әйел күйеуіне таңдау жаса деп тікесінен ултьиматум қояды. Бұл- Қазақстандағы  ажырасудың бірден-бір кеңінен таралған себебі»,- деп, кеңінен баяндады.

Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: