Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Ахмет Бақытжанның ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері табиғат аясына шығып, спорттық шараларға қатысты.
Сонымен қатар наиб имам сауат ашу курсының шәкірттеріне оқыту семинарын өткізді. Ата-ананы сыйлау, тазалық сақтау, біреудің ақысын жемеу тақырыптарында уағыз айтып, өмірлік сабақтар беруге тырысты.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



13 Қыркүйек 2026
30 Раби-авваль 1448

