"Әбдібай ата" мешітінде сауапты әрі тағылымды шара өтті. Мектеп бітіргеніне 30 жыл толған түлектер бас қосып, мешіт ауласын тазалау жұмыстарына атсалысты.
Игі бастама аясында түлектер мешіт айналасын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар қасиетті орынның қажеттіліктеріне орай мешітке ақшалай көмек көрсетіп, қайырымдылық іс жасады. Іс-шара барысында "Әбдібай ата" мешітінің имамы Абай Омаров түлектерге алғысын білдіріп, мұндай игі амалдардың қоғамдағы ауызбіршілік пен жанашырлықты арттырудағы маңызын атап өтті.
Мешітке қолдау көрсету, қоршаған ортаны таза ұстау және сауапты іске үлес қосу – мұсылманның көркем мінезінің бірі. Осындай қайырымды бастамалар ел ішінде ізгілік пен бірліктің нығаюына ықпал етеді.
"Әбдібай ата" мешіті баспасөз қызметі.



21 Шілде 2026
5 Сафар 1448

