ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ АРМАН ҚУАНЫШБАЕВПЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ АРМАН ҚУАНЫШБАЕВПЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде ақшам намазынан кейін тағылымға толы уағыз өтті. Жамағатқа Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, белгілі дінтанушы Арман Қуанышбаев насихат айтып, көпшілікті толғандырған өзекті мәселелер төңірегінде ой қозғады.

Рухани кеш барысында ұстаз бүгінгі қоғамдағы ең маңызды тақырыптардың бірі – ғаламтор кеңістігіндегі ақпараттың ақиқатын ажырата білу, әлеуметтік желідегі діни мәліметтерге сын көзбен қарау және сенімді дереккөзге жүгінудің маңызын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ мұсылманға тән байыптылық, парасаттылық пен діни сауаттың мәніне тоқталып, жамағатты дәстүрлі діни ұстанымнан ажырамауға шақырды.

Жамағат уағызды ықыласпен тыңдап, көкейдегі сауалдарына жауап алды. Рухани тағылымға толы басқосу жиналған көпшілікке үлкен әсер сыйлап, имани азық болған мазмұнды кездесу ретінде есте қалды.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: