#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУЫЛДЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУЫЛДЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Жанболат Сағындықұлының ұйымдастыруымен балалар арасында құран жарысы өтті.

Құран байқауына арнайы аудан бас имамы Қуаныш Досымжанұлы, аудандық мешіттің наиб имамы Ахмет Бақытжан және Ақыртөбе мешітінің ұстазы Саян Қырықбай әділ қазылық етті. «Ислам және адал қоғам» жылы аясында балдырғандар арасында өткен жарыс 3 номинация бойынша жүргізілді. Олар: 1,5 пара, жарты пара және 10 сүре. 1,5 пара бойынша бірінші орынды иеленген Алиахметке ұмра қажылығына жолдама табыс етілді.

Басқа жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен алғыс хат берілді. Жалпы жарысқа қатысушылардың барлығына ынталандыру мақсатында ақшалай сый-құрмет жасалды. "Жарысқа демеуші болған ауыл кәсіпкері Бақытхан ағамыздың Алла кәсібіне береке берсін" - дейді мешіт имамы.

 Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: