Шу ауданында ауыл әкімдері мен ауыл имамдарының қатысуымен жиын өтті. Басқосуда аудан көлеміндегі діни ахуал сараланып, өзекті мәселелер мен олардың алдын алу бағытындағы жұмыстар кеңінен талқыланды.
Жиын барысында «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы сөз сөйлеп, аудан бойынша атқарылған діни-рухани жұмыстар туралы баяндама жасады. Сонымен қатар діни тұрақтылықты сақтау, жат ағымдардың алдын алу, халықтың діни сауаттылығын арттыру және мемлекеттік мекемелермен бірлескен жұмысты жандандыру мәселелеріне тоқталды.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, алдағы уақыттағы жоспар қарастырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



16 Шілде 2026
30 Мухаррам 1448

