БАЙЗАҚ: ҚАЗАҚ ДӘСТҮРІНДЕГІ ТӘРБИЕ НАСИХАТТАЛДЫ

БАЙЗАҚ: ҚАЗАҚ ДӘСТҮРІНДЕГІ ТӘРБИЕ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Байзақ баба» мешітінде өткен кезекті насихат жиынында «Дәстүр және отбасы» бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы  жамағатқа «Қазақ дәстүріндегі тәрбие» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.

Насихат барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен ұлттық тәрбиесінің ислам дінінің құндылықтарымен сабақтастығы кеңінен баяндалды. Сондай-ақ, ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету, адалдық, еңбекқорлық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, жастарды имандылыққа, көркем мінезге және ұлттық болмысты сақтауға тәрбиелеу – әрбір мұсылманның маңызды міндеті екені ерекше атап өтілді.

Насихат соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Жиын еліміздің амандығы мен бірлігі үшін жасалған дұғамен қорытындыланды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: