Қордай: Жазғы «Діни сауат ашу курсы» өз мәресіне жетті

Қордай: Жазғы «Діни сауат ашу курсы» өз мәресіне жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде ұйымдастырылған жазғы  «Діни сауат ашу курсы»  өз мәресіне жетіп, қорытынды іс-шара өтті.

Жазғы демалыс уақытында өткен лагерьде қыздар мен ұлдар имандылық әліппесі, Құран әліппесі, әдеп және адамгершілік бағытындағы сабақтарға қатысып, діни танымдарын кеңейтті. Сонымен қатар түрлі танымдық, тәрбиелік және спорттық шаралар ұйымдастырылып, шәкірттердің рухани әрі тұлғалық дамуына ерекше көңіл бөлінді.

Қорытынды кеште Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы шәкірттерді лагерьдің сәтті аяқталуымен құттықтап, білім іздеудің маңыздылығы, ата-анаға құрмет, Отанға адал қызмет ету және көркем мінезді қалыптастыру жайында насихат айтты. Сондай-ақ жаз бойы белсенділік танытып, сабақтарға үздіксіз қатысқан шәкірттерге алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Шара соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, балалардың діни сауатын арттыруға және ұлттық-рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған осындай игі бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: