Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Клара Диханбайқызы Смағанбетованың және «Асыл аналар» Әжелер мектебі алқасының ұйымдастыруымен «Әйел – адал қоғам тірегі» атты жоба аясында ақ дастарқан басында тағылымды дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында ардақты әжелер Айнагүл Әбиева мен Толғанай Қыбыраева әйел-ананың отбасыдағы орны мен міндеті, жанұя берекесін сақтаудағы ананың рөлі, сондай-ақ «Қызды қырық үйден тыю» қағидасының тәрбиелік мәні туралы кеңінен әңгімелеп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушы қыз-келіншектер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тағылымды ойларымен бөлісті. Басқосу ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған мазмұнды әрі берекелі кездесу болды.
Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай тәрбиелік мәні зор кездесулердің алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік танытып тарқасты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

