Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Клара Диханбайқызы Смағанбетованың бастамасымен және мешіт жамағатының қатысуымен оқушылар арасында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңке барысында жиналған 60 000 теңге қаражат науқастанып жатқан азаматтың еміне қаржылай көмек ретінде табысталды.
Игі іске атсалысып, көмекке мұқтаж жанға қолдау көрсеткен мешіт ұстазына, жамағатқа және барша қыз-келіншектерге Алла Тағала разы болсын! Осындай сауапты амалдар қоғамда мейірімділік пен жанашырлықтың артуына себепкер болғай.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

