Жуалы: Ихсан – рухани тәрбиенің негізі

Жуалы: Ихсан – рухани тәрбиенің негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатқа тағылымды насихат айтылды.

Мешіт молдасы Тимур Сәдуақасұлы «Ихсан – рухани тәрбиенің негізі» оқулығы аясында дәріс оқып, қонақжайлық тақырыбында әсерлі уағыз жүргізді.

Насихат барысында қазақ халқының қонақ күту дәстүрі мен Ислам дініндегі қонақжайлықтың орны кеңінен түсіндіріліп, мұсылманның көркем мінезі, бауырмалдық пен сыйластық секілді асыл қасиеттері жайында маңызды ойлар айтылды.

 Алла Тағала баршамызды ихсан иелерінен етіп, көркем мінезді мұсылмандар қатарынан жазғай!

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: