Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Жуалы» мешітінде «Қоғам дерттері» тақырыбында арнайы уағыз-насихат шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жамағатқа қоғамдағы жағымсыз әдеттер — өтірік айту, ғайбаттау, уәдеде тұрмау сияқты мінез-құлықтардан сақтанудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар рухани тазалықты сақтау, адамгершілік құндылықтарды нығайту және қоғамдағы бірлік пен сыйластықты арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Уағыз-насихаттың негізгі мақсаты — тұрғындардың имандылыққа бет бұруына ықпал етіп, ізгі мінез бен жауапкершілікті қоғамда орнықтыру болды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

