Ақтөбе ауылындағы мешітте «Qamqor Sharapat» аясында ер адамды мұсылманша кебіндеу рәсімі таныстырылды.
Іс-шарада молда Бақытжан Асқарұлы кебіндеудің исламдағы парыз кифая амалдарының бірі екенін түсіндіріп, оның жаназа рәсіміндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ ер кебінінің үш бөліктен тұратыны көрсетіліп, әр бөліктің қолданылу тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Қатысушыларға кебіндеу процесі тәжірибелік түрде таныстырылып, олар өз сұрақтарына жауап алды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

