Жуалы ауданына қарасты Жаңаталап ауылында «Qamqor-Sharapat» жобасы аясында жамағатқа тағылымды насихат айтылды.
Іс-шара барысында «Ақтөбе» мешітінің молдасы Бақытжан Асқарұлы қабір басында жиналған жамағатқа ақырет өмірінің мәні, өлімнің хақ екені және адам баласының бұл дүниедегі жауапкершілігі туралы әсерлі уағыз-насихат жүргізді.
Насихат барысында имандылықтың маңызы, ізгі амал жасаудың қажеттілігі және өмірдің өткіншілігі жайында айтылып, жамағат рухани тағылымға кенелді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


17 Қараша 2026
6 Джумада-сани 1448

