Жуалы: «Неке – салауатты өмір шарты» тақырыбында насихат айтылды

Жуалы: «Неке – салауатты өмір шарты» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма намазы оқылып, жамағатқа «Неке – салауатты өмір шарты» тақырыбында насихат айтылды.

Жұма намазында ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы өз уағызында отбасының іргетасының берік, болашағының баянды болуы ең алдымен өмірлік жар таңдаудағы ниеттің түзулігіне байланысты екенін атап өтті.

– Өмірлік серікті таңдауда уақытша сезімге немесе көрсеқызарлыққа бой алдырмай, ақылмен, жан-жақты ойланып шешім қабылдаған жөн. Шариғатымыз жар таңдауда адамның имандылығына, көркем мінезіне және тәрбиесіне басты назар аударуды бұйырады.

Дүниедегі барлық байлықтың ішіндегі ең қайырлысы әрі ең құндысы – иманды, көркем мінезді, отбасының берекесін сақтап, жұбайына тірек бола білетін салиқалы жар. Материалдық байлық адамға сырттай ғана бақыт сыйласа, салиқалы жар жан дүниеге тыныштық сыйлап, ұрпақ тәрбиелеп, шаңырақтың берекесін арттырады.

Сөз соңында бас имам:

– Жаратқан Иеміз Алла Тағала әрбір шаңыраққа шексіз берекесі мен баянды бақытын нәсіп етсін! Отбасыларымызды аман, ақ некемізді берік әрі мәңгілік етсін! Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, ұлтымыздың абыройын асқақтататын салиқалы отбасылардың қатарынан болуды баршамызға жазғай, – деп насихатын қорытындылады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: