#Мойынқұм: «Азаматтық некенің үкімі» тақырыбында пәтуа сағаты өтті

#Мойынқұм: «Азаматтық некенің үкімі» тақырыбында пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мойынқұм» мешітінде ауданның бас имамы Ержан Көшкімбайұлының ұйымдастыруымен «Азаматтық некенің үкімі» тақырыбында пәтуа сағаты өтті.

Жиын барысында азаматтық некенің Ислам шариғатындағы үкімі, некенің шарттары мен отбасы құндылықтарының маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда жиі кездесетін некеге қатысты сұрақтарға жауап беріліп, дәстүрлі Ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығы айтылды.

Пәтуа сағатына аудан имамдары қатысып, тақырып аясында пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: