Аманатқа қиянат жасамау

Аманатқа қиянат жасамау

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Абдуллаһ Шариф Тлемсани хазрет аманатқа өте мән беріп қарайтын еді. Бір рет Қусантина қазынасы Хасан бин Бадис Әбу Абдуллаһқа бір қалта алтын аманатқа беріп кетеді. Ол үйіне апарып қояды. Кейін кері сұрағанында үйден алып келе жатып қалтаның бетінде 100  алтын деп жазылып тұрғанын көреді. Қалтадағы  алтындар түгел ме екен деген оймен санап шығады. 75 алтын болғанын көріп азайып қалған екен деген оймен өз алтындарынан 25 алтын қосып иесіне береді. Бір-екі күн өткеннен кейін қазы Әбу Абдуллаһқа қайта келіп:

         Бір қалтада 75 алтын болуы керек еді, орнына 100 алтын шықты, мұның хикметі не екен? – деп сұрайды. Ол былай деп жауап береді: «Екі қалтаны сеннен алған кезде ішіндегілерді санамаған едім. Саған берер кезде бетіндегі жазуды оқығаннан кейін санадым. Аз шыққанын көріп өз алтындарымнан 25 қосып, 100-ге толықтырдым. Бұл 25 жоғалтып алған екенмін деп ойлаған едім.

Мұны естіген Хасан қазының көздеріне жас толып, мұндай адамдардың жер жүзінде бар болуына Алла тағалаға шүкір етті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: