Жуалы: Жуалы мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті

Жуалы: Жуалы мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Жуалы» мешітінде жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» өткізілді.

Іс-шара барысында мешіт имамы Сейтқазы қажы Әбдірұлы жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, құлшылық әдебін түсіндіру және күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелерге қатысты нақты пәтуалар беру жөнінде насихат айтты.

Уағыз барысында ислам дінінің асыл құндылықтары кеңінен дәріптеліп, қоғамдағы татулық пен ауызбіршіліктің маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ жамағат көкейінде жүрген діни сауалдарына жауап алып, пайдалы мәліметтермен сусындады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: