ЖАМБЫЛ: ДІНИ АДАСУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ЖАМБЫЛ: ДІНИ АДАСУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының Шу қаласындағы Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығында жаттықтырушылар мен мекеме қызметкерлеріне арналған рухани-танымдық кездесу өтті.

Жиынға аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев қатысып, "Діни адасушылыққа жол жоқ" тақырыбында насихат айтты.

Кездесу барысында спикер дәстүрлі исламның құндылықтары мен оның қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ, ол діни сауаттылықты арттыру арқылы жат ағымдардың теріс ықпалынан сақтануға болатынын жан-жақты түсіндірді.

Бас имам жастар тәрбиесінде ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды ұштастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Өз сөзінде ол күмәнді діни ақпараттарға сенудің қауіпті салдары туралы айтып, сенімді ақпарат көздеріне жүгінуге шақырды.

Кездесу барысында экстремизм мен радикализмнің қоғамға тигізетін зияны жөнінде де маңызды мәліметтер берілді.

Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тақырып аясында мазмұнды жауаптар алды.

Тағылымды басқосу діни адасушылықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, қатысушылардың рухани танымын кеңейтуге ықпал етті.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: