Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық мешітінде бесін намазының алдында жамағатқа уағыз-насихат айтылды.
Мешіт имамы Бақытжан Асқарұлы жиналған жамағатқа Қасиетті Құранның Құран Кәрім «Рағд» сүресінің 35-аятын негізге ала отырып, жұмақтың сипаттары, тақуалықтың маңызы және Аллаға мойынсұнудың артықшылықтары жөнінде тағылымды уағыз айтты. Насихат барысында мұсылман баласын ізгі амал жасауға, иманын күшейтуге және көркем мінезді болуға үндейтін құнды ойлар ортаға салынды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

