«Ботбай баба» және «Жүніс молда» мешітінің шәкірттері арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық шараға қатысқан шәкірттер алты топқа бөлініп, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында балалар командалық ойынның маңызын көрсетіп, ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін танытты. Әрбір команда жеңіске деген жігерін байқатып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Аталған шараның мақсаты – шәкірттердің денсаулығын нығайту, достық қарым-қатынасты дамыту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар спорт арқылы балалардың өзара сыйластық, тәртіп және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру көзделді.
Жарыс соңында үздік өнер көрсеткен командалар марапатталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Мұндай игі шаралар шәкірттердің рухани біліммен қатар дене тәрбиесіне де көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың слауаты мен сәлемі болсын) дені сау, күшті мұсылманның қадірі жоғары екенін өсиет еткен. Сондықтан мешіт жанындағы осындай спорттық шаралар жастарды сергектікке, ұйымшылдыққа және белсенді өмір салтына баулуда.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



10 Маусым 2026
24 Зуль-хиджа 1447

