Жуалы ауданы Тасбастау ауылдық мешітінде бесін намазының алдында жамағатқа насихат айтылды.
Мешіт имамы Әуезхан Мамышұлы жамағатқа қасиетті Құран Кәрімнің «Рағд» сүресінің 36-аятын негізге ала отырып уағыз-насихат жүргізді. Насихат барысында Алланың кітабына мойынсұну, иманның беріктігі және мұсылманның көркем мінез-құлқы жайында тағылымды ойлар айтылды. Жамағат рухани әсер алып, насихаттан мол тағылым алды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

