Меркі: Мешіт шәкірттері арасында эстафеталық жарыс өтті

Меркі: Мешіт шәкірттері арасында эстафеталық жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу лагері аясында  «Ботбай баба» және «Жүніс молда» мешітінің  шәкірттері арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.

Спорттық шараға қатысқан шәкірттер бірнеше топқа бөлініп, түрлі кезеңдер бойынша өзара бақ сынасты. Жарыс барысында балалар жылдамдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын көрсетіп, әр тапсырманы жауапкершілікпен орындауға тырысты. Қызықты әрі тартысты өткен сайыс шәкірттерге  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында белсенділік танытқан шәкірттерге алғыс айтылып, қаржылай марапатталды. Шәкірттердің жазғы демалысты пайдалы әрі мазмұнды өткізуіне жағдай жасаған ұйымдастырушыларға ризашылық білдірілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: