Қордай: «Дәстүр» қайырымдылық мекемесінде оқып жатқан шәкірттермен кездесу өтті

Қордай: «Дәстүр» қайырымдылық мекемесінде оқып жатқан шәкірттермен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында «Дәстүр» қайырымдылық мекемесінде білім алып жатқан шәкірттермен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге ауданның бас имамы Азамат Берікұлы қатысып, шәкірттерге пайдалы білім алудың маңызы, Құран Кәрімді жаттап, оның үкімдерімен амал етудің артықшылықтары туралы насихат айтты. Бас имам жастарды уақытты тиімді пайдаланып, білім мен тәрбиені қатар алып жүруге шақырды.

Сондай-ақ, Құран үйренудің адам өміріндегі орны мен рухани кемелденуге тигізер пайдасына тоқталып, шәкірттерге ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу соңында шәкірттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, әсерлі насихаттан рухани тағылым алды. Алла Тағала шәкірттердің білімін арттырып, Құран жолындағы ізденістеріне береке нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: