Қордай: «Дәстүр» қайырымдылық мекемесінде оқып жатқан шәкірттердің ата-анасымен кездесу өтті

Қордай: «Дәстүр» қайырымдылық мекемесінде оқып жатқан шәкірттердің ата-анасымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде «Дәстүр» қайырымдылық мекемесінде білім алып жүрген шәкірттердің ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге ауданның бас имамы Азамат Берікұлы қатысып, шәкірттердің діни білім алуы, Құран Кәрімді жаттаудың артықшылықтары мен рухани тәрбиенің маңызы жөнінде насихат айтты. Бас имам өз сөзінде Құран үйрену мен оны өмірде ұстанудың адам баласына берер пайдасына тоқталып, ата-аналарды балаларының білім жолындағы талпыныстарына қолдау көрсетуге шақырды.

Сонымен қатар шәкірттердің жетістіктері мен алдағы жоспарлары жайында да пікір алмасу болды. Кездесу соңында ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы сұхбат үшін алғыстарын білдірді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: