Жуалы: "Билікөл" мешітінде қайырымдылық ұйымдастырылды

Жуалы: "Билікөл" мешітінде қайырымдылық ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы Қарабастау ауылындағы «Билікөл» мешітінің имамы Орынбасарұлы Қуаныштың бастамасымен Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық және мерекелік шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балаларға тегін сусындар, балмұздақтар, жүгері таяқшалары, картоп қытырлақтары мен қант мақтасы таратылды. Сондай-ақ мешіт аумағына арнайы үрлемелі батут орнатылып, бүлдіршіндердің еркін ойнап, көңілді демалуына жағдай жасалды.

Ауқымды мерекелік шара аясында балаларға арналған түрлі ойын алаңдары әзірленіп, қызықты сайыстар мен ойындар ұйымдастырылды. Бұл игі бастама мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, жас ұрпақтың рухани құндылықтарға жақындауына да оң ықпал етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта осындай тағылымды әрі қайырымды шаралар дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: