Жуалы: "Құлый баба" мешітінде спорттық шара өтті

Жуалы: "Құлый баба" мешітінде спорттық шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жуалы ауданы Көлбастау ауылындағы «Құлый баба» мешітінде Құрбан айт мерекесінде тағылымы мол, ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында арқан тарту, кір тасын көтеру және қол күресі бойынша жарыстар өткізілді.

         Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталды:

 І орын иегерлеріне 20 000 теңге, зәмзәм суы, тәспі, тақия, медаль және грамоталар табысталды.

ІІ орын алған қатысушыларға 15 000 теңге және қосымша сыйлықтар берілді.

ІІІ орын иегерлеріне 10 000 теңге және қосымша сыйлықтар тапсырылды. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу және ауыл тұрғындарының ынтымағын арттыру болды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: