Жуалы ауданы Қарабастау ауылының орталығында тағылымы мол, ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Құрбан айт мерекесіне орай ауылдың кішкентай оқушылары арасында футболдан жарыс өткізілді. Жарыс барысында жас спортшылар өздерінің ептілігі мен шеберлігін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін паш етті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл игі шара балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


05 Маусым 2026
19 Зуль-хиджа 1447

