ТАЛАС: ҚҰРБАН АЙТТА ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІСІ НАСИХАТТАЛДЫ

ТАЛАС: ҚҰРБАН АЙТТА ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІСІ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызыләуіт ауылындағы Жаңабай сопы мешітінің имамы Төсбаев Әбдіқали ағамыз құрбан айт мерекесіне орай ұлттық нақыштағы киімдерімізді киюді насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған насихат айтып өтті.

Мешітіміздің имамы жамағатпен кездесуде құрбан айт мейрамы қарсаңында ұлттық нақыштағы киім киюдің маңыздылығына тоқталып, қазақы дәстүр мен ислам дінінің өзара сабақтастығы туралы кеңінен әңгіме өрбітті.

Имам өз сөзінде ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің тәрбиелік мәні зор екенін айтып, ұлттық киім – халқымыздың рухани болмысы мен мәдениетінің айнасы екенін жеткізді. Сондай-ақ, дін мен дәстүрдің бір-біріне қайшы келмейтінін, керісінше ұлттың бірлігі мен тәрбиесіне қызмет ететін құндылықтар екенін атап өтті.

"Қызыләуіт" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: