Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық ойындардан жарыс өтті. "Әбдібай ата" мешітінің имамы Омаров Абай ағамыздың бастамасымен Құрбан айт намазы оқылып болған соң, мешіт алдында жамағат пен жастардың қатысуымен ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс және гир көтеру секілді сайыстар өткізіліп, қатысушылар өзара бақ сынасты. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Іс-шара соңында балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында балмұздақ таратылды. Балалардың қуанышы мен жамағаттың бірлігі мерекенің сәнін арттырып, шара шынайы мейрамдық атмосферада өтті.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.



05 Маусым 2026
19 Зуль-хиджа 1447

