Құрбан айт мерекесі қарсаңында Ақкөл мешітінде ұлттық спорт түрлерінен ерекше сайыс ұйымдастырылды. Іс-шара мешіт имамы Амиров Сейіткамал ақсақалдың бастамасымен өтіп, мешіт жамағаты арасында гир көтеру және серке көтеру бойынша жарыстар өткізілді.
Сайысқа қатысушылар белсенділік танытып, өз күштері мен ептіліктерін сынады. Әсіресе серке көтеру тартысы көпшіліктің қызығушылығын оятып, жарыс өте көңілді әрі әсерлі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша гир көтеруден жеңімпаз атанған азаматтарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Ал серке көтеру сайысында топ жарған қатысушыға серкенің өзі сыйға берілді.
Сейіткамал имам мұндай шаралардың ұлттық дәстүрді дәріптеп, жамағат арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыруға үлкен үлес қосатынын атап өтті.
"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.



05 Маусым 2026
19 Зуль-хиджа 1447

