ТАЛАС: ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖАСАЛДЫ

ТАЛАС: ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт мерекесі ұлықталуда! Құрбан айт мерекесіне орай аудан көлемінде ұлттық әрі рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған игі шаралар ұйымдастырылуда. Аудан мешіттерінің алдына Құрбан айт мейрамына арналған арнайы баннерлер ілініп, киіз үйлер тігіліп жатыр.

Бұл бастамалар ұлық мерекеміздің мән-маңызын кеңінен дәріптеп, халықтың ынтымағы мен бірлігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, барлық ауылдарда құрбандықтар шалылып, оның еттері мұқтаж және аз қамтылған отбасыларға үлестірілуде. Мұндай сауапты істер ел ішіндегі жанашырлық пен қайырымдылықтың айқын көрінісіне айналуда.

Құрбан айт – мейірім мен берекенің, татулық пен ізгіліктің мерекесі. Барша мұсылман қауымын қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, молшылық және береке тілейміз. Құрбан айтымыз қабыл болсын.

Аудандық "Қаратау қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: