Жуалы ауданы қарасты Қарабастау ауылы орталығында тағылымды әрі үлкен іс-шара өтті.
Ауылдың мектеп бітіргендеріне 60 жыл толған түлектері ауыл мешітіне жиналып, Құран бағыштады. Сонымен қатар ауыл орталығындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері жазылған ескерткіш-монументте марқұмдардың рухына арнап Құран оқылды.
Іс-шара соңында келген қонақтар мен ауыл ақсақалдарына арнайы дастархан жайылып, ас беріліп, Құран бағышталды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

