Жуалы ауданы, Қарабастау ауылының орталығында көпшіліктің басын біріктірген тағылымы мол әрі ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Шара аясында алтын ұя мектептерін бітіргендеріне 60 жыл толған мерейтойлық түлектер арнайы бас қосты. Ауыл мешітіне жиналған ардагер түлектер өткен күндерді еске алып, дүниеден өткен ұстаздары мен замандастарының рухына Құран бағыштап, ізгі дұға жасады.
Мерекелік басқосу ауыл орталығындағы алаңда кең көлемді спорттық ойындармен жалғасты. Онда білек түріп, күш сынасқан балуандар арасында түйе палуан күресі өтіп, сонымен қатар футбол және волейбол жарыстары ұйымдастырылды. Спорттық сайыстар ауыл жастары мен тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын дәріптеп, ауызбіршілікті нығайта түсті.
Дүбірлі жарыстар аяқталған соң, спорттық сайыстарға қатысушылар мен ауыл қонақтарына мешіт асханасында арнайы жайылған дастарқанда мерекелік ас берілді.
Жуалы аудандық meшітінің баспасөз қызметі



05 Маусым 2026
19 Зуль-хиджа 1447

