ЖАМБЫЛ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

ЖАМБЫЛ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев келген жамағатқа «Дәстүр және отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды уағыз айтты. Уағыз барысында қазақ халқының сан ғасырлық салт-дәстүрлері мен рухани мұрасының маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Имам отбасы – қоғамның негізгі тірегі екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ата-ананы құрметтеу мен үлкенге ізет көрсетудің исламдағы орны жайында насихат айтты. Бала тәрбиесінің отбасыдан басталатыны жөнінде әсерлі ойларымен бөлісті. Жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және жат әдеттерден аулақ болуға шақырды. Уағызда ер мен әйелдің отбасы алдындағы жауапкершілігі де сөз болды. Имандылық пен сабырлылықтың отбасы берекесін арттыратыны айтылды.

Сонымен қатар туыстық байланысты нығайтудың қоғам бірлігіне ықпалы түсіндірілді. Кездесу барысында жамағатқа өнегелі мысалдар келтіріліп, рухани кеңестер берілді. Қатысушылар уағыздан мол тағылым алып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Басқосу жылы әрі мазмұнды жағдайда өтті. Жамағат имамның насихатына ризашылықтарын білдіріп, осындай кездесулердің жиі ұйымдастырылуын қалайтындарын жеткізді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: