ЖАМБЫЛ: ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев келген жамағатқа арнайы пәтуа сағатын өткізді. Кездесу барысында күнделікті өмірде жиі кездесетін діни мәселелер кеңінен түсіндіріліп, құлшылыққа қатысты қойылған сұрақтарға шариғат аясында жауаптар берілді. Сонымен қатар жамағатқа дәстүрлі діннің маңыздылығы, бірлік пен ынтымақты сақтау, жат ағымдардан сақтану жөнінде насихат айтылды.

Пәтуа сағаты барысында тазалық, ата-анаға құрмет, көрші ақысы және қоғамдағы әдеп мәселелері де сөз болды. Жамағат тарапынан қойылған сауалдарға нақты әрі түсінікті жауап беріліп, діни мәселеде сенімді дереккөздерге жүгінудің маңыздылығы атап өтілді. Іс-шара соңында ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалып, қатысушылар рухани әсер алып тарқасты.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: