ЖАМБЫЛ: АРАҚ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДАН АУЛАҚ БОЛУ

ЖАМБЫЛ: АРАҚ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДАН АУЛАҚ БОЛУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің имамы Ермуханбет Берсүгір Қызылқайнар ауылындағы Бейсеу ата мешіті жамағатымен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында «Арақ және зиянды заттардан аулақ болу» тақырыбында уағыз-насихат айтылды. Имам өз сөзінде арақ пен зиянды әдеттердің адам денсаулығына ғана емес, қоғам мен отбасы тәрбиесіне де кері әсер ететінін атап өтті.

Сонымен қатар ислам дінінде адамның денсаулығы мен саналы өмір сүруіне ерекше мән берілетіні түсіндірілді. Уағыз барысында жамағатты жаман әдеттерден сақтанып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Әсіресе жастар тәрбиесіне көңіл бөліп, олардың бос уақытын пайдалы істермен өткізуінің маңызын айтты. Имам зиянды заттарға тәуелділіктің отбасы берекесі мен қоғам тыныштығына қауіп төндіретінін жеткізді. Сондай-ақ имандылық пен рухани тәрбиенің адамды теріс әрекеттерден қорғайтыны жайында тағылымды ойларымен бөлісті. Кездесу барысында сабыр, тәртіп және жауапкершілік мәселелері де кеңінен қозғалды.

Жамағатқа денсаулықты сақтау мен дұрыс орта таңдаудың маңызы жөнінде пайдалы кеңестер берілді. Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Жиын әсерлі әрі мазмұнды жағдайда өтті. Кездесу соңында жамағат мұндай тәрбиелік мәні зор уағыздардың қоғам үшін аса қажет екенін атап өтті.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: