Сарысу аудандық орталық мешітіне ұстаздық қызметке Арса Абдулхаким тағайындалды. Арса Абдулхаким алдағы уақытта мешіт жамағатына діни бағыттағы сабақтар өткізіп, рухани-ағарту жұмыстарына атсалыспақ. Сонымен қатар жастар тәрбиесі, діни сауат ашу және ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында қызмет жүргізеді.
Қазіргі таңда қоғамда дұрыс діни білім мен рухани тәрбиенің маңызы артып келеді. Осыған байланысты мешіт жанындағы ұстаздық қызметтің жанданып, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуі — маңызды қадамдардың бірі.
Сарысу аудандық орталық мешіті алдағы уақытта да жамағатпен байланыс жұмыстарын күшейтіп, діни-ағартушылық бағыттағы шараларды жалғастыра береді.
Жаңа қызметке тағайындалған Арса Абдулхакимге жұмысына сәттілік, ісінде табыс пен береке тілейміз.
Сарысу аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


14 Мамыр 2026
27 Зуль-каада 1447

