Тараз: Баппен келген бақ артық

Тараз: Баппен келген бақ артық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Әкең ғалым болса да, тәрбиені тезек теріп жүрген анаңнан аласың», – деп, отбасының ұйытқысы болған әйелдің білімді болу керек екендігін бекер айтпаса керек. Осы орайда Тараз қаласы “Әл Фирдаус” мешітінде “Әйел-Қыздар секторы” тарапынан  ашылған  сауат ашу курсында оқып жатқандардың  жас ерекшеліктеріне қарамастан 3 айда алған  білімдерінің нәтижесін білу мақсатында шәкірттерден емтихан алынды.

“Баянсыз келген байлықтан, баппен келген бақ артық”-демекші, бағын сынап, сынақтың сынынан сүрінбей өтемін деген үмітпен тыңғылықты дайындалған шәкірттер Құран мен Тәжуидтен ауызша емтиханды мешіт сыныбында тапсырса, ал енді Фиқһ пен Ақида сабақтарын екі топтың білім алушылары мешіт ішінде өткізіп, білім деңгейлерін байқап көрді.

“Әл Фирдаус” мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: