Шу ауданы «Жәми» мешітінде ақсақалдар алқасының қатысуымен тағылымды дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Басқосуға ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев, ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты қатысты.
Жиын барысында дастархан басында отбасы құндылықтары, ұлттық тәрбие, қоғамдағы діни ахуал және жастар тәрбиесі жайлы маңызды мәселелер қозғалды. Сонымен қатар «Ислам және адал қоғам» жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Кездесу соңында жиналғандар ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасап, ақ баталарын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Мамыр 2026
27 Зуль-каада 1447

