Қордай: «Эхел-Сунет» мешітінде уағыз-насихат айтылды

Қордай: «Эхел-Сунет» мешітінде уағыз-насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоршаған ортаның әрбір бөлшегі – жер, су, ауа, өсімдік пен жан-жануар – адам игілігі үшін жаратылған. Сондықтан табиғаттың тепе-теңдігін сақтау, оның байлығын ысырап етпеу – адамзаттың басты міндеттерінің бірі.

Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды: сусыз тіршілік тоқтайды, ауасыз тыныс үзiледi, жерсіз азық өндірілмейді. Осыған орай, табиғатты қорғау, оны ластамау және аялау – тек экологиялық талап қана емес, сонымен бірге Алланың аманатына адалдықтың көрінісі. Ал бұл аманатқа қиянат жасау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті елемеу деген сөз. Аманатқа адалдық – жерді көркейту, ағаш отырғызу, суды үнемдеу және қоршаған ортаны таза ұстау секілді игі істер арқылы жүзеге асады. Осы бағытта Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы «Эхел-Сунет» мешітінде жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтылды.

Шара барысында «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының ұстазы Асан Ысқақұлы «Тазалық, табиғат және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында насихат жүргізді. Маңызды тақырып аясында жамағатқа тек тыңдап қана қоймай, айтылғандарды күнделікті өмірде амалға асыру қажеттігі ескертілді. Алла Тағала баршамыздың ниетіміз бен амалдарымызды қабыл етсін! Қоршаған ортамызды қадірлеп, оны қорғауға әрбір мұсылман үлес қоса білсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: