БАЙЗАҚ: БАС ИМАМ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА ЖИІ ҚҰРАН ОҚУДЫ НАСИХАТТАДЫ

БАЙЗАҚ: БАС ИМАМ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА ЖИІ ҚҰРАН ОҚУДЫ НАСИХАТТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыд облысы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде  қыздар жамағатына «байзақ баба» мешітінің бас  имамы Қанат Әділханұлы құран оқуды және оның маңыздылығын ,құран жайлы өз насихатын айтты.

Қанат Әділханұлы өз насихатында: «Қасиетті Құран – адамзатқа тура жол нұсқайтын, жүректерге тыныштық сыйлайтын иләһи кітап. Ол тек оқылатын мәтін ғана емес, өмірдің барлық саласына бағыт беретін даналық пен хикметке толы нұр. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің» деген. Сондықтан әрбір мұсылман Құранмен байланысын нығайтып, оны түсініп оқуға, өмірінде амал етуге ұмтылуы керек. Себебі Құран – жүректің шипасы, рухтың азығы және ақыретте шапағатшы болатын ұлы нығмет.»-деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: