ТАРАЗ: Тазалық - иманның жартысы

ТАРАЗ: Тазалық - иманның жартысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласындағы Құрал қажы мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс - шараға мешіт жамағаты мен ерікті жастар белсене қатысып, мешіттің  іші - сыртын ретке келтірді. Қатысушылар ауладағы қоқыстарды жинап, намаз оқылатын орындарды мұқият тазалады.

   Бұл игі шараның басты мақсаты - Алла үйінің тазалығын сақтау және жамағатқа үлгі болу. Ұйымдастырушылар мұндай тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

   Тазалыққа атсалысқан әрбір жан сауапты іске үлес қосып, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: