ТАРАЗ: "КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ" МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТАРАЗ: "КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ" МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде «Кеңесхан қажы» мешітінде қайырымдылық пен ізгілікке үндейтін тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл игі бастама Зейнеп Үсенова ұстаздың жетекшілігімен мешіт шәкірттері мен «Айша-бибі» қыздар клубының ұйытқы болуымен жүзеге асты.

Игі шара аясында алдымен мешітте білім алып жүрген 60 шәкірт қызға арнайы ауызашар дастарханы жайылып, олардың Рамазан айындағы ықыласты құлшылықтары мен рухани ізденістеріне қолдау көрсетілді. Жастардың бір ортада бас қосып, ауызашар жасау сәті – олардың өзара бауырмалдығын арттырып, рухани бірлігін нығайта түсті.

Сонымен қатар қасиетті айдың соңғы күнінде әлеуметтік тұрмысы төмен 40-қа жуық қыз-келіншекке қайырымдылық көмек көрсетілді. Оларға арнайы ауызашар беріліп, азық-түлік қоржындары мен қаржылай көмек табысталды. Бұл – мұқтаж жандарға көрсетілген шынайы жанашырлық пен қамқорлықтың айқын көрінісі болды.

Айт мерекесінің қарсаңында қатысушыларға тәттілер үлестіріліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балалардың қуанышы мен аналардың алғысы – ұйымдастырылған шараның маңызын айшықтай түсті.

Осындай игі бастамалар жамағат арасындағы мейірімділік пен өзара қолдауды арттырып, Рамазан айының берекесін бірге сезінуге мүмкіндік береді. Қайырымдылыққа негізделген әрбір іс – қоғамдағы ізгіліктің нығаюына жол ашары анық.

Ұлттық құндылықтар мен әжелер мектебінің өнегесі осындай игі істер арқылы ұрпақ санасына сіңіп, рухани тәрбиенің темірқазығына айналуда.

Алла Тағала жасалған барлық қайырлы амалдарды қабыл етсін!

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: